Exit poll: AMANAT партиясы алға шықты
Қазақстан тарихында тұңғыш рет 6 партия Парламентке өтті.
Олар сайлаушылардың 5% астам дауысын жинады. "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Ол партияластарын сайлаудағы жеңісімен құттықтап, алдағы жұмыста сәттілік тіледі. Аманатқа сенім артқан халыққа алғыс айтты. Үгіт насихат барысында 4 миллионнан астам адамды қамтыған 40 мыңнан астам іс шара өткізген.
Ерлан Қошанов, "AMANAT" партиясының төрағасы:
- Біз жеңістің байрағын желбіреттік. Бүгін әділ әрі әдемі жеңіс болды деп есептеймін. Таза тең бәсекеде жеңіске жеттік. Алты партия келді. Қазақстанның тарихында тұңғыш рет алты партия еніп отыр. 5 пайызды өтіп. Бұл деген үлкен жаңалық. Ең бастысы бұл жеңі с реформаларға деген халықтиың сенімі.