«Ауыл» партиясы халыққа алғыс айтты
Exit poll қорытындысы бойынша сайлауда 10-нан 11 процентке дейін дауыс жинаған "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өз әріптестерін құттықтады.
Саяси ұйым өкілдері алдын ала жарияланған нәтижеге көңілі толатынын білдіріп, сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге де партияларға сәттілік тіледі. Айта кеткен жөн, партиялық тізіммен Парламент Мәжілісіне 25 кандидат ұсынылып жатыр.
Әли Бектаев, "Ауыл" партиясының төрағасы:
- Халық өзінің таңдауын жасады. Ауыл партиясына дауыс берген азаматтарға рахмет айтқымыз келеді. "Ауыл" партиясының бұл жетістігі Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың бір көрінісі. Әсіресе жаңа Қазақстандағы әділеттіліктің бір көрінісі деп айтуымызға болады.