«Ақ жол» партиясы сайлаушыларын құттықтады
Экзит-полл нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясы 7,87%-тен 9-ға жетеқабыл дауыс жинады.
Осылайша, саяси ұйым 4-орыннан көрінді. Мәжіліс депутаттығына 65 кандидат ұсынылған еді. Экзит-полл қорытындысын Ақжолдықтар сайлауалды штабында тыңдады. Сайлаушыларға алғыстарын айтып, әріптестеріне сәттілік тіледі.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Мен алдымен барша ақжолдықтарды, бізді қолдаған сайлаушыларды қазір жариялаған нәтижемен құттықтаймын. Бұл үлкен нәтиже, расында да біз міне осы науқан үстінде талай жұмыс атқардық. Барша аймақтарды аралап шығып бір атаның баласындай мына өзіміздің жұмысымызды көрсетуге тырыстық. Ең алдымен өзіміздің мемлекет басшымызды Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтағым келеді. Себебі осы сайлау арқылы осы былтырғы жылы бастаған конституциялық реформасының жаңа кезеңіне келіп отырмыз.