Өзбекстандағы сайлаушылардың 93% дауыс берді
Өзбекстанда тұрақты және уақытша негізде тұратын отандастарымыздың 93%-і дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Консулдық тізімдегі 419 адам Парламенттік сайлауға қатысып, ерекше белсенділігімен көзге түсті. Учаскелік комиссияда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұйымының байқаушысы жұмыс істеді. Ол науқан кезінде еш заң бұзушылық тіркелмегенін айтты.
Жалпы, сырт елдегі отандастарымыз тек партиялар арасында таңдау жасады. Бірі бизнеспен айналысса, енді бірі сауықтыру орнында ем алып жүр. Жеке және туристік мақсатта келгендер де бар. Әз Наурызбен тұспа-тұс келген саяси науқан мерекелік дастархансыз өтпеді.
Гала Бақтыбай, дауыс беруші:
- Қазақстандықтарды наурызбен құттықтаймын. Сайлауға елшілікке келіп, дауыс беріп, Өзбекстандағы қазақтар атынан екі мемлекеттің достығы үшін қазақша және өзбекше дастарқан жайып, атсалысып тұрмыз.