Президент Е. Рыбакинаны құттықтады

Президент Е. Рыбакинаны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», -деді Президент.