АҚШ-та дауыс беру аяқталды

АҚШ-та дауыс беру енді аяқталды. Нақты айтқанда, Астанадан 13 сағат артта Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі әлем бойынша ең соңғы болып жабылды. Бұл туралы Вашингтондағы меншікті тілшіміз Нұрбек Бекен хабарлады.

Тынық мұқиты жағалауындағы Калифорнияда орналасқан бұл шаһарға елдің батысындағы Оригон, Вашингтон, Невада, секілді жақын штаттрадағы отандастарымыз келіп дауыс берді.

Қазір бюллетеньдерді санау басталды. Ал бірер сағат бұрын дауыс беру аяқталған Вашингтон мен қазақтар көп шоғырланған Нью-Йорктағы сайлау комиссиялары бюллетендерді санап бітіп, хаттамасын шығарып үлгерген. Оған қарағанда Вашингтонның өзінде дауыс беруге құқылы азаматтардың 80 проценттен астамы сайлауға қатысқан. Енді көп ұзамай Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі 3 сайлау учаскесіндегі бюллетеньдерді Астанаға алып келеді.