«AMANAT» партиясының белсенділері үгіт-насихат материалдарын жинады
«AMANAT» партиясының белсенділері сайлау науқанында барлық қалалар мен елді мекендерде ілінген үгіт-насихат материалдарын қайта жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси ұйымның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсембаевтың айтуынша, партиялықтар осылайша жергілікті коммуналдық қызметтердің жұмысын жеңілдетуді ұйғарған және бұл – өзгенің еңбегін бағалап, айналаға қамқорлықпен қараудың белгісі. Аманаттықтар елдегі өзге партия өкілдерін де осындай акцияға атсалысуға үндеді.
Айта кетерлігі, «AMANAT» партиясының еріктілері сайлау науқаны барысында ел бойынша 6 млн дана үгіт материалын аулалар мен жарнама тақталарына, сондай-ақ адам көп шоғырлатанын орындарға ілген.
- Мақсатымыз – коммуналдық қызметтерге жәрдемдесе отыра сайлау мәдениетін арттыру. Адамдарда теріс пікір туындамас үшін тазалықты қолдау. Сайлау науқаны кезінде үгіт-насихат материалдары көп болды. Сайлау өткеннен кейін соның бәрін жинап шығатынын әрбір тұрғын көрсе дейміз.