«Жастар үні» блогы жұмысын қорытындылады

Саяси сынға түскендер кім? Олар бұған дейін қай салада жұмыс істеп, қандай жетістікке жетті? Осы сұрақтарға жауап беру және Парламент пен мәслихат депуттатығына ұсынылған кандидаттармен таныстыру мақсатында «Жастар үні» блогі құрылған еді.

Құрамына еліміздің танымал журналистері кірген блок, бір ай бойы 100-ден астам кандидатты үгіт-насихатсыз таныстыруды қолға алған. Әр журналистің әлеуметтік желілерде аудиториясы кең. Сондықтан сайлауға түскен кандидаттарды халыққа жақынырақ таныстыруда әркім өз платформасын тиімді пайдалана білді. Олар арнайы брифинг ұйымдастырып, бір ай жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығарды.

Бұған дейін танымал тілшілер сұхбатқа шақырған, кандидаттардың арасында белгілі блогер Дәулет Мұқаев та бар.

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат:

- Мына протоколдардың барлығын қарап отырсақ, 167 округтің басым бөлігінің барлығында жеңіске жеткенбіз. Сондықтан 10-15 минут бұрын әлеуметтік желіге салып, сүйншімді сұрап тастадым. Бірақ ресми мәліметті әлі де күтеміз.