Сайлауда ережелерді өрескел бұзушылық болған жоқ
Сайлау күні «Дауыс» Қоғамдық байқаушылар коалициясы 9 мың 790 учаскеде жұмыс істеген.
Бұл жерлерде 15-ке жуық заңбұзушылық дерегі тіркелген. Тіпті акт толтырып, комиссия мүшелерін жұмысынан шектеткен. Бұл жөнінде «Дауыс» Қоғамдық байқаушылар коалициясы сайлау қорытындысы бойынша берген баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Ұйым төрағасы Төлеген Күнәділовтың сөзінше, бірқатар бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Алматы және Ақтөбе облыстарында тіркелген.
Төлеген Күнәділов, "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
- Кейбір өңірлерде сайлау комиссиясының мүшелері бір сайлаушыға 2 немесе одан да көп бюллетеньдерді беру фактілері тіркелген болатын. Одан бөлек сайлаушылар тарапынан өзінің жанұясына дауыс беру ниеттері, попыткалары болған. Сондай фактілер. Тағы сайлау комиссиясы тарапынан сайлаушы келмей тұрып алдын ала сайлау бюллетеньдеріне қол қою фактілері. Барлық жоғарыда айтылған мәселелер бойынша дереу акт толтырылып, кей жағдайларда комиссия мүшелері жұмыстан шеттетілген жағдайлар болды.