Өткен саяси науқан елдегі сайлау мәдениетін дамытты

Өткен саяси науқан елдегі сайлау мәдениетін дамытып, азаматтық белсенділікті арттырды.

Кандидаттардың біразы додаға кәсіби дайындалған. Алайда, әлі де саяси жұмысты шыңдауды қажет ететін үміткерлер бар. Сарапшылар осылай дейді. Бүгін әлеуметттанушылар мен саясаттанушылары бас қосып, сайлау қортындысын талқылады. Жиында пікірсайыстардың ұйымдастырлуы жоғары бағаланды. Байқаушылардың көптігі, экзитпол нәтидесі бойынша, мәжіліске өтетін партиялардың да саны ұлғайғаны сөз болды. Бұдан саяси бәсекенің күшейгенін аңғаруға болады дейді мамандар. Сондай-ақ, депуттаттыққа үміткерлер келесі сайлауға қазірден бастап дайындалуы керек деген пікір айтылды. Сол кезде ғана дауыс берушілердің сенімі артады.

Нұрбек Матжани, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы:

- Жеңген партия үшін де, жеңілген партия үшін де тіркеуден енді өтіп жатқан немесе өткісі келетін партия үшін электоралдық период қазірден басталу керек. Халықтың оларға деген сенім іде, олардың үнемі жұмыс істеуінен байқалуы керек. Менің ойымша, келесі сайлауда кандидаттар дайындығы бұдан да тыңғылықты, жақсы болады ғой деп ойлаймын.