ТМД байқаушылары жұмысын аяқтады
Елімізде өткен кезектен тыс мәжіліс және мәслихаттар сайлауындағы ТМД байқаушылары өз жұмысын аяқтады.
Миссия басшысы Леонид Анфимовтың айтуынша, науқанға дайындық барысы, сондай-ақ сайлаудың өзі жоғары кәсіби дәрежеде өтті. Байқаушылардың ел заңына сай жұмыс істеуіне еш кедергі болған жоқ. ТМД миссиясында 196 адам тіркелген. Оның 10-ы сайлауға дайындық барысын түгел қадағалады. Леонид Анфимов қазақстандықтардың саяси реформаға қолдау білдіргеніне тәнті болғанын жеткізді.
Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:
- Біз 832 сайлау учаскесінде жұмыс істедік. Ұзақ мерзімді байқаушыларымыз тағы 100 учаскені аралады. Біздің түйінсөзіміз осы. Қазақстандағы кезектен тыс сайлау ҚР заңнамасына сай және халықаралық талаптарға сай өтті. Халықтың өз таңдауын жасауға мүмкіндік жасалды.