ЕҚЫҰ сайлауға қатысты қорытындысын жариялады
Еуразия қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлау қортындысы жайлы мәлімдеме жасады.
Олардың 300-ден аса байқаушысы саяси науқанның барысын бағамдаған еді. Қазір ұйым мүшелері сайлау есебін жинап жатыр, олар соңғы нәтижені күтеді. Содан кейін өздерінің түпкілікті қортындысын айтады. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның мәліметінше, науқан еркін әрі белсенді өтті. Партиялар әлеуметтік және экономикалық мәселелерге кеңінен тоқталған. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсынған кандидаттар да белсенді болды. Сарапшылар Қазақстандағы оң өзгерістертің куәсі болғанына тоқталды, бірақ әлі де атқаратын жұмыс көп.
Ирен Чараламбидес, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқаушылардың көшбасшысы:
- Қазақстандағы сайлау халықаралық стандарттарға және біздің ұйымның міндеттемелеріне жақындау үшін жасалған реформалар аясында өтті. Бірақ демократиялық сайлау өткізу үшін әлі де нормативтік құқықтық базаға түзетулер енгізуді жалғастыру қажет. Саяси науқан саяси өмірді жандандырып, бәсекені арттыруға сеп берді.