АҚШ Елшілігі еліміздегі сайлау туралы фейсбукте жазды
Америка Құрама Штаттары кешегі сайлауда жұмыс істеген бақылаушылардың, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы және демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының күш-жігеріне белсенді қатысты.
Мұны АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Әрі Құрама Штаттардың өкілдігі ұсыныстарды ескере отырып, енгізілген заңнамалық түзетулер сайлаушылардың таңдауын арттырады деген,,, ұйымның алдын ала тұжырымын да құптайды. Сонымен қатар «Американың еліміздегі миссиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» туралы көзқарасын жүзеге асыру жолында Мәжілістің жаңа мүшелерімен жұмыс істеуді асыға күтеді» делінген хабарламада.
АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Президент Тоқаевтың күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет туралы көзқарасын жүзеге асыру жолында қазақ халқының сайланған өкілдері ретінде өздерінің маңызды рөлін орындауға тырысатын Мәжілістің жаңа мүшелерімен жұмыс істеуді асыға күтеді.