Мәскеуде Мемлекеттік Дума депутаттарының қатысуымен сараптамалық отырыс өтті
Халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстан Парламенті Мәжілісіне ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.
Ресейлік бақылаушылар осылай дейді. Мәскеуде Мемлекеттік Дума депутаттары, дипломаттар мен жетекші ғалымдардың қатысуымен сараптамалық отырыс өтті. Кездесуге қатысушылар бұл сайлау бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жүзеге асырылған үлкен өзгерістердің маңызды элементі екенін атап өтті.
Владимир Грачев, Дипломатиялық қызмет ардагері, РФ ОСК аппараты басшысының бұрынғы орынбасары:
- Қазақстанның сайлау жүйесінде соңғы уақытта ірі өзгеріс болды. Қазақстан Президенті Тоқаев айтқандай, бұл сайлау елді басқаруды қайта құру процесінің соңғы межесі. Бірінші, референдум, содан кейін президенттік сайлау енді парламенттік сайлау болды. Менің ойымша, ол өте сәтті өтті.