ҚХА сессиясы 26-27 сәуірде болады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Оған сәйкес, отыз екінші сессия «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтеді. Алқалы жиын 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылады.