Халықаралық байқаушы Қазақстанда өткен сайлауға баға берді
Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған.Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстандағы Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мёрфи елде өткен саяси науқанға осындай баға берді.
Ол Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесті. Мәртебелі мейман Нұрлан Әбдіровты сайлаудың сәтті аяқталғанымен құттықтады.
Оуэн Мёрфи, ЕҚЫҰ ДИАҚЖБ Қазақстандағы Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы:
- Сайлаудың сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Бұл көптеген инновациялар мен өзгерістерді және тиімді басқаруды қажет ететін күрделі тапсырма болды. Атқарылған жұмысты көріп, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқадық. Тағы да шын жүректен құттықтаймын!