Президент Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлейді
Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламенті бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.
Жиын ертең өтеді. Оған мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған. Парламенттің бірлескен палаталары отырысындағы Президенттің сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.