Қ. Тоқаев: Жастар әрдайым айрықша назарда

Еліміздің жастары әрдайым айрықша назарда. Билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сегізінші сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде осылай деді.

Президент сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өткенін айтты. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалғанына тоқталып, әділетті қоғам қалыптастырудың маңыздылығын айтты. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді. Өзгерістер бұнымен бітейді, саяси құрылымды жетілдіру одан әрі жалғасады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.