Қ. Тоқаев: Кен орындарының қоры азайды

Кен орындарының қоры сарқыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты қазба байлықты тиімді және үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рәсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, әділдік болар еді. Бұл – әлемде бар озық тәжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді.