Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылдау керек
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін күшейту керек. Елден түскен арыз-шағымдарға қарағанда заңның кейбір ережелері қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қорғау ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз, - деді ел Президенті. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуы тиіс. Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуға тиіс. Заңдарымыз Конституцияға толық сай болуы керек. Парламент осы маңызды мәселеге байланысты табандылық танытып, басты рөл атқаруы қажет.