Президент саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

https://www.akorda.kz/public/assets/media/uploadMedia/1680154511_KZ1_6336_2.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-ші бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «AMANAT», «Ауыл», «Ақ жол», Respublica, Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының жетекшілері қатысты.