Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министрін таныстырды
Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті ведомство ұжымына таныстырды.
Министрліктің басты міндеттерінің бірі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, өндіріс пен нарықтағы айналымды қатаң бақылауда ұстау екенін айтты. Үкімет басшысы Алмас-адам Сәтқалиев өз білімі мен тәжірибесін энергетика саласын дамытуға жұмсайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, энергетика саласында алдағы кезеңге арналған, басым міндеттерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, ірі мұнай-газ жобалары мен экс-порттық көлік дәліздерін дамыту, газды қайта өңдеуді ұлғайту, жылу және электр энергиясын өндіру саласын жақсарту.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Соңғы кезде көп жылдар бойы қордаланып келген кейбір мәселелердің беті ашылуда. Дизель отынының жетіспеушілігі, электрмен және газбен жабдықтаудағы ақаулар, жылумен жабдықтау объектілеріндегі апаттар – осының бәрі энергетика саласында елеулі проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Олардың барлығы жедел түрде шешу қажет.