Сенаторлар полицейлермен кездесті
Әрбір тұрғынның қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары тыңбай еңбек етіп жүр.
Олардың қызметі мардымды. Мұны Парламент Сенатының депутаттары Астана қалалық Полиция департаментіне қарасты бірқатар бөлімшенің мамандарымен кездесу барысында айтТы. Ал «Байқоңыр», «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының полиция қызметкерлері, сенаторларды шаһардағы криминогенді жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес, және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған шаралар жайында баяндады.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әлі де атқарылатын жұмыс көп. Кейбір көрсеткіштер бойынша қылмыстардың саны артуда. Яғни әлі де жұмысты күшейту керек. Мына профилактика жағы, қылмыстың алдын алу мәселесі, ескерту мәселелері бойынша да жұмысты атқару керек деп ойлаймын.
Қайрат Раушанов, Астана қалалық ПД жедел басқару орталығының басшысы:
- Жыл басынан бері бізде Жедел басқару орталықтарында бейнетаспа күшімен 790 қылмыстық істері ашылып және де 28 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып отыр. Жалпы қауіпсіздік бойынша күнделікті біз тәулік бойына қылмыстарды болдыртпауға, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.