Асхат Жұмағали ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Ол бұған дейін осы мекемеде төраға орынбасары болды. Асхат Жұмағали жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.