Мәжілісте 50-ге жуық заң жобасы қаралып жатыр
Мәжілісте 50-ге жуық заң жобасы қаралып жатыр.
Мұны Палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Ал депутаттар барынша ашық болып, сұхбат беруі керек. Мәжілісте өңірлердің үні естілуге тиіс. Бұл да бүгінгі жалпы отырыс кезінде айтылды.
Бүгінгі отырыста ұзын ырғасы 8 мәселе қаралды. Жиын басында Ерлан Қошанов Мәжілісте ашық әрі жария түрде қызмет етуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Журналистерге сұхбат беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп отыру - депутаттардың басты міндеттерінің бірі», - деді Мәжіліс төрағасы. Бұдан бөлек, спикер заңдарды талқылауға қоғам өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды шақыру да өте маңызды екенін айтты. «Әсіресе, мәслихат пен қоғамдық кеңестер арқылы Мәжілісте өңірлердің де үні естілуі керек. Сонымен бірге қоғамдық палата да көп ұзамай жұмысын бастайды. Ол қызу пікірталас алаңына айналатыны сөзсіз деді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Мемлекет басшысы еліміздің қарқынды дамуы үшін алдағы 5 жылда сапалы заңнамалық негіз жасауды тапсырды. Бұл үшін барлық алғышарт жасалған. Мәжіліске заң қабылдау өкілеттілігі бүгінде толық берілді. Енді жүк те жауапкершілік те бізге түседі деген сөз. Сондықтан депутаттар үйлесімді, тиімді және жүйелі жұмыс істеуі керек.
Жиында бірнеше депутаттық сауал жолданды. Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы аз емес, вице премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады. оның айтуынша қай мекемені алсаңыз да мәдениет саласы өкілдерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып. 100 мың теңгеге жетер жетпес межеден аса алмай тұр. Еңбекақысының төмендігі білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетуі әкеп соққан.
Ринат Зайытов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Республикамыз бойынша елеулі еңбек етіп жатқан 56 театр, 20 филармония, 267 мұражай, 3891 кітапхана бар. Ол аз десеңіз Қазақстан бойынша қаншама мәдениет үйлері және тағы сол сияқты бәрнеше өнер ұжымдары да бар. Ғ. Мүсірепов «Адам – өнерді қаншалықты жақсы көрсе, соншалықты қорғауға міндетті» - деген насихат сөзі бар. Өкінішке орай, біз бүгінгі күнде мемлекеттің айнасы болып отырған мәдениет қызметкерлерін мүлдем ескерусіз қалдырудамыз.
Осы орайда, Зайытов Үкіметтің тиісті қаулысының қосымшасына мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің коэфиценттерін өзгертіп, жалақыларын өсіруін сұрады.
Авторы: Қорған Қонысбайұлы