Қазақстан мен Әзербайжан әріптестігінің маңызы орасан зор
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ке өсіп, 461,9 млн долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір елімізде бауырлас мемлекеттің капиталымен 900-ге жуық, ал Әзербайжанда 150 қазақстандық компания сәтті жұмыс істеп тұр. Екі елдің транзиттік тасымалдағы әріптестігі жоғары деңгейде. Қос мемлекет Азия-Еуропа бағыты бойынша жүк жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазір Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөнінде үйлестіруші комитет құрылған. Бұнда 8 мемлекеттің логистикалық компаниялары бар. Бүгінде бұл бағыттың жүк өткізу мүмкіндігі жылына 6 млн тонна деп бағаланып отыр.