Сенат омбудсменді қолдауға дайын

Жыл басынан бері адам құқықтары жөніндегі уәкілге 700-ге жуық өтініш түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбіне азаматтар әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінген. Әсіресе кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және сотталғандардан түсетін сұрақ көп. Ал өзекті мәселелерді уақыт оздырмай шешу маңызды. Осыған байланысты Сенат депутаттары адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Тіпті қажет болған жағдайда заңға түзету енгізіп, өз ұсыныстарын бермек. Депуттардың айтуынша, алдағы уақытта адам құқықтарын қорғауға байланысты кездесулер жиі өтеді. Азаматтардың бостандығын қамтамасыз ететін шаралар жалғасады.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Азаматтардың арыз-өтініштеріне қатысты бірқатар ұсыныстарымызды дайындап беретін боламыз, Сенаттың атынан. Қажет болған жағдайда заңнамалық тұрғыдан өзгерістер мен түзетулерді қамтамасыз етіп, Сенаттан қарауға ұсыныстар енгізетін боламыз.