ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Мәскеуге барды
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары басталды.
Ол алдымен Кремль алдында орналасқан белгісіз сарбаздар мемориалына тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Мұрат Нұртілеу іссапар барысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен екіжақты және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзара іс-қимылдарды талқылайды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024-ші жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылуы мүмкін.