Президент отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысын сынады
Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарау керек. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болады. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.