Президент бұралқы ит мәселесін шешуді тапсырды

Сонымен қатар Президент жануарларды қорғау мәселесін көтерді.

Бірақ бұралқы иттердің адамға, әсіресе балаларға шабуыл жасауына жол беруге болмайды-деді. Сөйтіп, Үкіметке түйіткілді шешуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан түсетін шағым көп. Ал билік өкілдері заңды сылтауратып, қордаланған түйткілге бейжай қарайды. Салдарынан елде қаңғыбас иттердің адамға шабуыл жасауы жиілеп кетті. Осыдан бірнеше ай бұрын Ақтөбе облысында бұралқы итке таланған 6-сынып оқушысы көз жұмды.