Президент «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады

Президент «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистикада ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.