Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанадағы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.
Салтанатты рәсім кезінде саяси партиялар фракцияларының басшылары мен қала тұрғындары майданнан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жалпы ұрыс даласына Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам аттанып, жартысы елге оралмады. Соғыстағы ерлігі үшін көптеген қазақстандық ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталғаны белгілі. Солардың бірі Әлия Молдағұлова. Мерген қыздың көзсіз батырлығы ел есінде.