Еуроодақ Орталық Азияны бауырына тартты
Таяу жылдары қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері Еуропа нарығына кіруі мүмкін.
Кәрі құрлық отандық тауарды тұтынуға дайын. Қазақстан да экспорт аясын кеңейтуге құлшынып отыр. Қос тарап бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Транскаспий дәлізін қолданайық дейді.
Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» ІІ экономикалық форумы өтті. Мұнда Еуроодақ елдерімен қаржылық байланысты арттыру мәселесі талқыланды. Бірқатар құжатқа қол қойылды.
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы былтыр 38 пайызға өсіп, 40 млрд долларға жетті. Биылғы көрсеткіш те жаман емес. 3 айда кәрі құрлықпен сауда көлемі 10 млрд доллардан асқан. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Себебі елде әлі де серпілісті қажет етіп тұрған салалар бар. Соның бірі логистика. Геосаяси ахуалға байланысты Еуропамен байланыстырып тұрған негізгі бағыт үзілді. Енді жаңа бағыт табу керек.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Орталық азия мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы былтыр 31 процентке өсіп, 49 млрд долларды құрады. Бұл ретте біз Еуропа нарығына жеткізілетін таауларды ұлғайтуға дайынбыз. Өңірдің экономикалық тұрақтылығы бірінші кезекте бізің ортақ күш-жігеріміз бен нақты қадамдарымызға байланысты.
Қазақстан Еуропаға жіберетін тауар көлемін арттыруға дайын. Ал оны Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы өткізу тиімді болады. Мамандардың айтуынша, бұл бағыт Орталық Азияны Еуропаға апаратын басты жолға айналуы мүмкін. Еуразиялық Даму банкінің зерттеуінше, бағытты ісе қосу үшін шамамен 3-5 жыл керек. Форумда жолдың жағдайын жақсартуға инвестиция тарту мәселесі де қаралды. Бұл бағыт Азияның өзге мемлекеттері үшін де маңызды. Мәселен, Қытайдан шыққан тауар Еуропаға бұрын 12 күнде барса, қазір 6 күнде жетіп жүр. Жыл соңына дейін мұны 5 күнге дейін қысқарту жсопарлуда.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Форумның ең маңызды бөлігі – Транскаспий дәлізіне қатысты зерттеудің қортындысы болды. Бұл екі тарап арасындағы серіктестікті арттыруға сеп беретін жоба. Алдағы уақытта, бағытты дамыту үшін 39 шара қабылдануы мүмкін. Оның ішінде жеті шара бақылауды жеңілдету, кедендік рәсімдерді жеделдетуге қатысты. Ал қалғны инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Бұл жердегі инфрақұрылым болуы керек. ЕДБ мәліметінше, жобаны жүзеге асыру үшін 18,5 миллиард АҚШ доллары қажет. Мұны Үкімет ғана емес, белді ұйымдар да қаржыланырады.
Транскаспий дәлізі деген – осы. Бағыт Алматы, Тараз, Шымент, Қызылорда өңірлерінен өтеді. Оған Қырғыстан мен Тәжікстанның қалалары да кіреді. Сарапшылардың айтуынша, бұл біздің мемлекетке, ең алдымен, Еуропаның Орта Азиядағы басты серіктестігі болуға мүмкіндік береді. Ендігі мәселе - өзімізден өтетеін жолды өзіміздің игілікке пайдлану. Еуроодақ өкілдері қазақстандық тауарды тұтынуға дайын екенін жеткізді. Керек болса, кәрі құрлықтың санитарлық талабынан мүдірмей өту үшін арнайы заң жобасын әзірлеуге де көмектесеміз дейді.
Йохннес Баур, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі:
- Бұл форум кәсіпорындар үшін өте мңызды деп санаймын. Алдағы уақытта, қазақстандық тауарларды Еуропаға экспорттау үшін мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істейміз. Бізде арнайы талаптар мен стандарттар бар. Экология және Сауда министрлігімен арнайы заң жобасын әзірлейміз. Бұған Транскаспий дәлізі үлкен мүмкіндіктер ашады. Болашақта бұл Қазақстан мен Еуропаны байланыстыратын маңызды бағыт болайын деп тұр.
Осыған дейін Қазақстан мен Еуроодақ елдері 29 саланы қамтитын жобаны жүзеге асыруға уағдаласқан еді. Енді осы келіссөзді тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстанға қосымша 9 млн еуро бөлінуі мүмкін. Қаражат өзара тәжірибе алмасуға және сараптама жұмыстарына жұмсалады. Сонымен қатар жасыл экономиканы дамытуға, таза қуат көздерін өндіру саласын да серіктестік орнайды. Брюссельден келген қонақтар санкцияны айналып өтудің амалдарымен де бөлісті.
Бекзат Аманов, Мұхит Құдықбаев