Қазақстан мен Еуроодақ ынтымағы нығая түседі
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен «БениЛюкс» сауда палатасы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесін құрып, Алматыда екіжақты келісімге қол қойды.
Жаңа кеңес екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтып, алтын көпір болмақ. Бельгия біздің елдің Еуразиялық одақ мемлекеттері арасындағы ірі сауда серіктесі. Сондай-ақ ол елден түрлі жоба үшін, инвесторлар тарту тиімді. Соңғы бір жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 500 миллион долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан. Мұнда негізінен зығыр тұқымдары, титан, қара металл экспортталып, дәрі-дәрмек, вакцина, трактор және ауыр техникалар импортталады. Бүгінде елімізде бельгиялық инвестиция арқылы құрылған 70-тен аса кәсіпорын жұмыс істейді.
Марғұлан Баймұхан, Бельгия Корольдігіндегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Бүгінгі келісім арқылы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жан-жақты арттыруға болады. Жаңа технологиялар, инфрақұрылым және тәжірибе мен мамандар алмасу мүмкіндіктері ашылады. Яғни Қазақстан-бельгиялық іскерлік кеңесі саудамен ғана шектелмейді.
Анри Вантигем, Қазақстандағы Бельгияның Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Қазақстан бізге Орталық Азияны жақсы түсінуге көмектеседі. Белгия Қазақстан экономикасындағы ірі 5 инвестордың бірі. Біз де экономикалық байланыстың дамуына үлесімізді қосудамыз. Іскерлік кеңестің құрылымы соның нақты қадамы. Кеңес отырысы жыл сайын өтіп, бизнестегі мемлекетаралық байланыс тереңдей түседі.