Министрліктер әр тоқсан сайын Мәжілісте есеп беріп отырмақ
Министрліктер әр тоқсан сайын Мәжілісте есеп беріп отыруға тиіс.
«AMANAT» фракциясының депутаттары сайлауалды уәделерінің орындалу барысын осылай қадағалап, талқылап отырмақ. Мұны партия төрағасы Ерлан Қошанов саяси ұйым жанындағы республикалық кеңес төрағаларымен кездесуінде айтты. «Мұндай талқылау ашықтықты қамтамасыз етеді, уәкілетті министрліктердің шешім қабылдауда жауапкершілігін арттырады. Тіпті мұндай тыңдауларды еліміздің барлық өңірінде ұйымдастыру қажет», - дейді ол.
Бүгінге дейін Аманаттықтар, аймақтарда өткен кеңес барысында тұрғындар жолдаған 11 мыңнан астам мәселені талқыға салған.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Мәжілістегі партия фракциясына республикалық жол картасы бойынша тоқсан сайын мемлекеттік органдардың тыңдалымдары өтетін болады, әр тоқсан сайын. Мұндай ашық жария талқылау уәкілетті министрліктердің жауапкершілігін де арттыратын болады. Сондықтан аймақтарда да жергілікті атқарушы органдармен дәл осындай тыңдалымдар ұйымдастыру қажет.