Қазақстандық сарбаздар БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына белсенді қатысып жатыр
БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына қатысу Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінде халықаралық бітімгерлер күніне арналған брифингте айтылды.
Ведомство жетекшісінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның миссиясына 2014 жылдан бастап белсенді қатысып келеді. Қазір бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында Ливан, Мали, Орталық Африка Республикасы, Батыс Сахара сынды елдерде қазақстандық бітімгерлер өз қызметтерін атқарып жүр. Енді БҰҰ аясында бұл миссияны одан әрі дамыту жоспары бар.
Қайрат Омаров, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
- Біздің 120 бітімгеріміз үнді батальонының құрамында Ливандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты. Бітімгершілік операциялар тарихында алғаш рет екі мемлекет бірігіп қызмет етті. Енді Африка бағытында жұмысты жандандырмақ ойдамыз. Ол жақ, әрине, қауіпті. Дегенмен бітімгершілік миссиямен біздің сарбаздар бара алады. Қазір олар тек бақылаушы ретінде сол мемлекеттерде жүр.