Үкіметте Ұлытау өңірін дамыту жайы талқыланды
Ұлытау облысының әкімдігі 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарында көзделген шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Мұны Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте айтты. Инфрақұрылымдық жобалардың сметалық құжаттарын жедел әзірлеуді жергілікті облыс әкімдігіне тапсырды.
Ал аймақ басшысы Сәтбаев қаласындағы жылу көздерін жөндеумен қатар жылу электр орталығындағы қазандықтарды жаңғырту жұмыстары жайында айтты. Сондай-ақ жиында, осы өңірде жайлы мектептер мен перинаталдық және онкологиялық орталықтарды, спорт нысандарын салу мәселелері талқыланды.