Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық артады

Былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27%-ке өсіп, шамамен $420 млн болды.

Бұл туралы Үкімет басшысы  Әлихан Смайылов пен Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикидің кездесуі барысында айтылды. Кездесуде тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту және энергетика, көлік, логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Премьер-министр елдер арасындағы сауда қатынастарын дамыту да басым міндет екенін айтты.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшыларының осыған дейін өзара тауар айналым көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойғаны белгілі. Осыған байланысты Қазақстан ауыл шаруашылығы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салалары өнімдерін Біріккен Араб Әмірлігі нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын, - деді Премьер-министр.