ҰҚШҰ бітімгерлік қызметі туралы келісімге өзгеріс енгізіледі
Бүгін Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялап, Сенатқа жолдады.
Бұл құжатқа 2021 жылы Душанбе қаласында, қол қойылған болатын. Жаңашылдыққа сәйкес, «үйлестіруші мемлекет» ұғымы енгізілді. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау операциясын қолдануда ұжымдық бітімгерлік күш құруды көздейді. Үйлестіруші елді Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Кеңесі айқындайды. Депутаттар алдында заң жобасын таныстырған қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов "үйлестіруші мемлекеттің басты міндеті операцияда бітімгерлік күштерді қолдануды жан-жақты қамтамасыз ету мәселесін шешу болмаған еді" дейді.
Сұлтан Қамалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Бітімгершілік күштің операцияға қатысуы үйлестіруші мемлекет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының уәкілетті бөлімшесі арасындағы келісімде айқындалады. Мемлекеттер осы операцияға ерікті түрде қатысады. Хаттама мемлекеттің операцияға қатысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының әзірлік жүйесінде тіркелген бітімгершілік контингентін жіберу құқығын шектемейді.