Президент Жазушылар одағының төрағасын қабылдады
Президент бүгін Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады.
Бетпе-бет кезедсуде мемлекет басшысы қазіргі оқырманды қызықтыратын туындыларды жарыққа шығару мәселесіне айрықша тоқталды. Өйткені бүгінгі уақыт талабы басқа. Оқырманның талғамы, қоғамның құндылығы, барлығы өзгеріп келеді. Сондықтан шығармашылық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек. Әсіресе жас ақын-жазушылардың шығармашылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау шаралары жалғаса бермек. Мереке Құлкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жазушылар одағының съезінде талқыланған ұсыныстар мен ұйым жоспары жөнінде баяндады. "Мәдениет туралы" заңға қазақ жазушыларының шығармаларын басып шығаруға және кеңінен таратуға сеп болар нормалар енгізу жөнінде ұсыныс білдірді.