Шығыста саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі жыл сайын жаңартылып келеді

Ел шығысында саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі жыл сайын жаңартылып келеді.

Арнайы комиссия жыл басынан бері 107 мұрағат қорын зерделеді. Көз майын тауысқан  белсенділер екі жарым мың іспен танысты. Нәтижесі алдағы уақытта жарияланады. Қасіретті жылдардың жансыз куәгерлері - ескі құжаттар мен сұрғылт тартқан фотосуреттер. Бүгін тарихи-өлкетану мұражайының ішінен дәл осындай маңызды деректерге толы көрме ашылды. Жиналғандарға зұлмат жылдардан хабар беретін көптеген ақпарат айтылды. Сонымен қатар қала тұрғындары Тәуелсіздік ескертікішіне гүл шоқтарын қойды. Репрессия мен аштық құрбандарын еске алып, тағзым етті. Ақсақалдардың айтуынша, ел басынан өткен нәубет туралы бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

Айтқазы Шерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Сол кезде ашаршылығы бар, тағы басқасы бар, Қазақстанның  қанша халқы кеткенін еске алып,еске түсіріп уақытында айтып кеткен жөн, өйткені қазіргі керек іс-шараның ең үлкені - ол жастарымызға балаларымызға кішкентай немерелерімізге керек,олар әбден тарихты ұмытып бара жатыр.