Қырғызстанда «Орталық Азия – Еуроодақ» форматындағы екінші жоғары деңгейдегі кездесу өтеді
Оған Орталық Азиядағы бес мемлекеттің президенттері мен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель қатысып, саяси, аймақтық серіктестік жайын талқылайды, келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Осы саммит жұмысына қатысуы үшін Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Айта өту керек, 5+1 форматындағы дәл осындай алғашқы кездесу күзде Астана қаласында өткен еді.