Мемлекет басшысы Түркия президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты.
Салтанатқа әлемнің 78 елінен жоғарғы лауазымды тұлғалар келген. Оның 21-і президент, 13-і үкімет басшысы, министрлер, НАТО, Ислам ынтымақтастық ұйымы өкілдері. Бастысы, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары бұл жолы да түгел төбе көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға, елдің 13-президентінің арнайы шақыртуымен барған. Қайта сайланған Реджеп Тайып Ердоған ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.