Танымал қазақстандықтар телемарафонда пікір алмасты

Танымал қазақстандықтар телемарафонда пікір алмасты

Танымал қазақстандықтар жеті сағаттық телемарафонда пікір алмасты.

Онлайн іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің YouTube-каналында өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерлері, белсенділер, белгілі споршылар мен ел мақтанына айналған азаматтар ойларын ортаға салды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Халық артисі Нұржамал Үсенбаева, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, актер Тілектес Мейрамов, жазушы Қуаныш Жиенбаев тақырыпқа қатысты әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков сөз алды. Суретші патриоттық рухты күшейту және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қазақстандықтарды ортақ құндылыққа жұмылдыру тұрғысында сөз сөйледі.

Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы:

- Әлі тәуелсіздік алмаған мемлекеттер бар. Әлі Әнұраны жоқ, Туы жоқ, Елтаңбасы жоқ мемлекеттер бар. Соларға қараған кезде біздің қазақ халқының бақыттылығы соншалықты, ғасырлар бойы аңсаған біздің арманымыз орындалды деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі күн шын мәнінде Тәуелсіздік күні, рәміздердің туған күні деп айтуымызға болады.