Ә.Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігін әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге үндеді
Егіс алқаптарында фермерлер агротехникалық талаптарды сақтауы керек.
Бұл тұста ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Сонымен қатар, шаруалар мен жауапты ведмстволарға бірқатар тапсырма жүктеді. Айтуынша, облыс әкімдері егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуы керек. Әрі өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі мен субсидиялау нормативтерін бекіту қажет. Сондай-ақ биылғы субсидияны кешіктірмей беру үшін егіс алқаптарын цифрландыру бір жылға кейін шегерілгенін айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Үкімет қаржы бөлу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешті. 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. 21 млрд теңге қаражат өнімді форвардтық сатып алуға бағытталды. Дихандарға 522 мың тонна астыққа тауарлық кредит берілді. Дизель отыны нарық бағасынан 30%-ке төмен бағада жеткізілді. Минералды тыңайтқыш өндіретін отандық компаниялармен келісім-шарт жасалып, өнімді субсидиялауға жергілікті бюджеттен 31 млрд теңге бөлінді.