Ә.Смайылов Сочиде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Премьер-министр Әлихан Смаилов Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД шараларына қатысу үшін Сочиге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мәжілісінің аясында Үкімет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымын дамыту, климат пен цифрландыру мәселелерін талқыға салады. Ал Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ пен Қытай арасындағы сауда байланыстарын дамыту мақсатында теміржол тасымалын цифрландыру жөнінде баяндама жасайды. Сондай-ақ Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары Шығыс-Батыс пен Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы көлік инфрақұрылымды дамыту жолдарын талқылайды.