Президент Total Energies басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Total Energies компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.