Қ. Тоқаев: Аяқ астынан жол жөндегендер жазаланады
Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан жандардың отбасымен кездесуінде жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді.
Тұрғындар талай уақыттан бері асфальт төселмеген жолды дәл Президент келер тұста жөндегендерін айтып, шағымданды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны масқара жағдай деп атап, кінәлілер жазаланатынын жеткізді.