Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мемлекеттік туды төмен түсірді

Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне орай мемлекеттік туды төмен түсірді.

Түркиядағы елшілік пен Ыстамбұл және Анталия консулдығында, сондай-ақ Грузиядағы Қазақстан елшілігінде көк ту төмен түсірілді. Қайғымен бөліскендер қаралы күн қайталанбасын деген тілектерін айтты. Қытай астанасы Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде, Шанхай, Сиань мен Гонконгтағы бас консулдықта да көк туымыз төмен түсірілді.