Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты

Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты

Он төрт адамның өмірін жалмаған Абай облысындағы алапат орман өртіне байланысты  Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған да ел халқына көңіл айтты.

Ол бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, қайғыға ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.